Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындалды

2 505

Фото: Шәкен Айманов «‎Қазақфильм»‎ АҚҚұрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Кәсіби өмірбаяны

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметте және бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, ал 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы шілдеден бастап бүгінгі уақытқа дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болып қызмет етіп келді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.