Қазақстандық каскадер қыз Канадада беделді сыйлықты жеңіп алды

350
Қазақстандық каскадер Әлия Ысқақова Канадада беделді сыйлыққа ие болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында Nomad Stunts каскадерлік компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оған сенсек, бүгін Канада кино және телевидение академиясы жыл сайын тапсыратын UBCP/ACTRA AWARDS 2021 сыйлығын табыстау рәсімі өткен.

Онда Nomad Stunts компаниясы халықаралық тобының каскадері Әлия Ысқақованың «Кунг фу» сериалында қойған шайқасы «үздік каскадерлік жұмыс» деп танылды.

Айта кетейік, Әлия ол сериалда жағымсыз кейіпкер - Yvonne Chapman-ның іс-қимылын қайталаған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.