"1 млн беріледі": Алматыда домбырашылар арасында байқау ұйымдастырылмақ

296

23-26 қараша аралығында Алматыда "Шертпе күй" республикалық дәстүрлі музыка фестивалі аясында бірқатар іс-шара өтеді және жеңімпаздарға 1 млн теңгеден басталатын жүлде қоры қарастырылған, деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ. ке сілтеме жасап.  

23-26 қараша аралығында Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен республикалық "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді. Дәстүрлі музыка фестиваліне 16 мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта, яғни домбырада ойнаушылар қатыса алады. 
"Байқау 2 турдан тұрады, қатысушылар дәстүрлі "шертпе" мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды", – делінген хабарламада.
 
Байқау жеңімпаздары бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ Төлеген Момбеков атындағы арнайы дипломмен марапатталады.