Арал ауданында инфрақұрылымға қатысты біршама мәселелер шешімін тапқан
254
Арал қаласынан 15 км қашықтықта орналасқан Жақсықылыш кентінде заңнама талаптарына сәйкес жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қай өңір болмасын ондағы агроөнеркәсіп жайы туралы сөз қозғамасқа болмайды. Кенттің ауылшаруашылық саласы жұмысына назар аударар болсақ, бүгінгі күні кент бойынша 3000-ға жуық мүйізді ірі қара, 2000-ға жуық жылқы, 2300-ден аса түйе малы, 4500-нан аса қой-ешкі өсірілуде. Мал шаруашылығымен 29 шаруа қожалық, 20 дара кәсіпкер айналысса, қалғаны жеке тұрғындардың үлесінде екен. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласы бойынша 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған. 2 шаруа қожалығы («Бексұлтан» және «Ер-Нұр» ШҚ) 100 аналық сиырға субсидия алып, тұқымдық түрлендіру бойынша 45 100 000 тенге көлемінде несие мен грант жеңіп алған. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы төтенше жағдайды алдын-алуды қаржыландыру резерві есебінен жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында жаңадан 2 су ұңғымасы қазылып, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалып жатыр.Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.
Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.
Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.