Қазақстанның 9 қаласын дамытуға 1 трлн 203 млрд теңге жұмсалмақ

1 389

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр елдегі 9 моноқаланы дамытуға бюджеттен 1 трлн 203 млрд теңге жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспары аясында денсаулық сақтау, білім, спорт, инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, шағын және орта бизнесті, АӨК дамыту жөніндегі және басқа да іс-шаралар көзделген.


  • Алтай қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 39,7 млрд теңгеге 34 ісшарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 4,6 млрд теңге, жеке инвестиция – 28,1 млрд теңге;
  • Балқаш қаласы бойынша (Қарағанды облысы) жалпы сомасы 242,8 млрд теңгеге 66 іс-шарадан тұрады, Оның ішінде республикалық бюджеттен – 67,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 36,1 млрд теңге, жеке инвестиция – 139,2 млрд теңге;
  • Жаңатас қаласы бойынша (Жамбыл облысы) жалпы сомасы 652,3 млрд теңгеге 75 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7 млрд теңге, жеке инвестиция – 641,3 млрд теңге.


Сондай-ақ, Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында жалпы сомасы 13,5 млрд теңгенің 45 іс-шарасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге, жеке инвестиция – 1,1 млрд теңге тарту көзделген.


  • Лисаков қаласы бойынша (Қостанай облысы) жалпы сомасы 45,5 млрд теңгеге 65 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 9,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 28 млрд теңге;
  • Қаратау қаласы бойынша (Жамбыл облысы) жалпы сомасы 58,5 млрд теңгеге 52 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 7,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 45,7 млрд теңге;
  • Риддер қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 36,8 млрд теңгеге 45 ісшарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 6,2 млрд теңге, жеке инвестиция – 22,7 млрд теңге;
  • Серебрянск қаласы бойынша (ШҚО) жалпы сомасы 6,9 млрд теңгеге 20 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 2,8 млрд теңге, жеке инвестиция – 1,1 млрд теңге;
  • Степногор қаласы(Ақмола облысы) бойынша жалпы сомасы 107 млрд. теңгеге 83 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджеттен – 28,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 16,2 млрд теңге, жеке инвестиция – 62,3 млрд теңге.