Сыр өңірінде 3342 гектар жер бақша дақылдарын егуге дйындалды

1 358

Қызылорда облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақшалық дақылдарды егуге жер дайындалып беру үрдісі қалыптаса бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Мұнда тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша дақылдарымен қамтамасыз ету мақсаты тұр. Мұны аймақ басшысы арнайылап тапсырып, халыққа жағдай жасауды міндеттеді. Соның аясында былтыр жұртшылық бақша дақылдарын егіп, қыс азығын қамдап еді. Бұл жұмыстар биыл жалғасын табуда.


Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін өңірде 3342 гектар жер арнайы дайындалды.


Оның 3282 гектарына, атап айтқанда, 1021 гектарына картоп, 866 гектарына көкөніс, 1395 гектарына бақша дақылдары егілді.


Тұрғындар қосымша жер дайындауды сұрап, егін егуге ынтасын білдіруде. Бұл бақшалық жер дайындаудың шаруаға қолайлы, тұрмыс сапасын арттыруға оң әсер еткенін көрсетеді.


Осы ретте облыс әкімі қала, аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына алдағы уақытта бақшалық жерді жергілікті халықтың сұранысына сәйкес жоспарлап дайындауды тапсырды.


Сондай-ақ, дақылдардың нақты су тұтыну нормасына сәйкес су беру кестесін шаруалармен келісіп жасау керек. Тиісті басшыларға егінге су беруді үйлестіріп, жиын-терімге дейін барлық жұмыстарға тұрақты бақылау жасау жүктелді.