Қазақстан күнбағыс майы экспортында әлемдік топ-3-ке енуді көздейді

2 555

Фото: gov.kzҚазақстан 2028 жылға қарай күнбағыс майын әлемдегі жетекші үш экспорттаушы елдің қатарына қосып, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл мақсатқа жету үшін ел экспортты қолдаудың жүйелі салалық басқару моделіне көшуде.

Астанада өткен шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі Экспорттық штабтың алғашқы отырысында агроөнеркәсіп кешені өнімдерін экспорттау тетіктері мен сыртқы нарыққа шығудағы кедергілер талқыланды. Нәтижесінде 2026–2028 жылдарға арналған май-тоңмай саласы өнімдері экспортын дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді.

Құжатта өңдеу қуаттарын арттыру, экспорт географиясын кеңейту және сала өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту көзделген. Сонымен қатар экспортқа кедергі келтіретін логистикалық, ветеринарлық және қаржылық мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Экспорттық штаб отырыстары алдағы уақытта ай сайын өткізіліп, салалық бағытта нақты шешімдер қабылданатын болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.