Баланың өмірін сақтандыра отырып, жоғары білімін қамсыздандыру тетігі пайда болмақ
1 684
Еліміздің тұрғындарына Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында ерікті сақтандыру полисін пайдалану мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.
Ата-ана баласының жоғары біліміне төлейтін қаражат жинай отырып, оның оқу мүмкіндігін өлім және еңбекке жарамсыз болып қалу қатерінен сақтандыра алады.
Қаржы қалай жинақталады?
Мысал келтірсек, Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясы жинақтық сақтандыру келісімшарты аясында бүкіл шарт мерзімі үшін 8 пайызға дейін кіріске кепілдік береді. Оның сыртында мемлекет жыл сайын сақтандырудың қандай түрін таңдағаныңызға байланысты 5-7 пайыз деңгейінде сыйақы аударып отырады. Сондай-ақ 8 пайызға дейінгі сақтандыру төлемін кезең сайын индекстеу көзделген.
Олардың айтуынша, Freedom Life компаниясы жинақ шотына аударатын пайыз ата-ананың жасына, жынысына, тағы осы сияқты фаткорларға байланысты есептеледі. Ал мемлекет тарапынан аударылатын пайыз отбасының әлеуметтік статусына байланысты болмақ. Мысалы, бала толық емес немесе тұрмысы жайсыз отбасының мүшесі болса немесе жетім болса, ең жоғары пайыз төленеді.
Ал кезең сайын кірісті индекстеу тетігі жоғары оқу ақысын жыл сайын бөліп төлейтін жинақтарға қолданылмақ. Ол үшін Freedom Life жинақталып жатқан ақшаны инвестициялық айналымға салады. Соның арқасында қосымша пайыздар түсіп отырады.
Сондай-ақ бала грантқа түссе, жинақтаған ақшаны ата-ана шешіп алады. Ал грантқа түспесе, бірақ жинаған ақша оқу ақысынан көп болып шықса, артылған сома ата-анаға беріледі. Жинақталған сомма шарт бойынша баланың оқуына жұмсалуы тиіс. Яғни, ата-ананың ажырасуына байланысты жинақталған ақша екеуара бөлінбейді.
Сақтандыру не үшін қажет?
Баласының оқуына ақша жинақтап жүрген ата-ана қайтыс болса немесе еңбекке жарамсыз болып қалса, келісімшарттың талаптары күшінде қалады. Яғни, компания ата-ана келісімшарт бойынша жинақтауға тиіс болған соманы балаға өтеп береді. Бұл жерде келісімшарт мерзімі аяқталғанда жинақталып тұруға тиіс сома толық жинақталмаған жағдайда компания жетпей тұрған соманы өз есебінен толықтырады. Бірақ бұл оқу бағасы келісімшарт жасалған кездегіден қымбаттап кетсе, бүкіл ақыны сақтандыру компаниясы өтейді деген сөз емес. Яғни егер оқу ақысы жинақталған кепілдендірілген сақтандыру сомасынан қымбат болған жағдайда салымшы айырмашылығын өз қалтасынан төлейді.
Күтпеген жайттарға кім кепілдік береді?
Бұл компанияның жинақтық сақтандыру өнімдеріне толықтай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік береді. Бұл баланың жоғары білім алатынына мемлекет тарапынан 100% кепілдік бар деген сөз.
Өзге де тиімді тұстары
Мұндай бағдарламалар аясында салық шегерімдері де қарастырылған. Сақтандырушылардың сөзіне қарағанда, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін тұтынушылардың жыл сайынғы салық алынатын табыстың көлемін 320 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету мүмкіндігі бар.
Бала оқуына ақшаны қалай жинап бастау керек?
1 қадам. Қазақстандық немесе шетелдік университетті таңдау.
2 қадам. Сақтандыру мерзімін, жарна сомасын және төлем жиілігін таңдау. Жинақтау кестесін жоспарлауға Freedom Life компаниясының менеджері көмектеседі.
3 қадам. Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясымен келісімшарт бекіту.

Келісімшарт мерзімі біткен кезде ата-ана қажетті соманы жинақтай алса, біз университетке жинақталған соманы мемлекеттік сыйақыларымен қоса төлейміз, - деп түсіндірді Freedom Life мамандары.

Салықтың ұсталуына байланысты айтсақ, сіз жұмыс орныңыздың бухгалтериясына шарт бойынша сақтандыру салымын төлеп жатқаныңыз туралы өтінім қалдыруыңыз қажет. Осылайша табысыңызға салынатын салықты сақтандыру премиясы көлемінде азайта аласыз. Мысалы, егер айлығыңыз 300 000 теңге болса, біздегі сақтандыру шарты бойынша ай сайын 150 000 теңге салым жасасаңыз, онда салық тек 150 000 теңгеге салынады. Яғни, айлығыңыздан алынатын 10% жеке табыс салығы 300 мың теңгеден ұсталмайды. Сақтандыру салымын алып тастағанда қалған сомадан ұсталады, - деп түсіндірді Freedom Life мамандары.