Оқушылар арасында химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтуде

1 755

Астанада 1-6 мамыр аралығындағы мектеп оқушыларының химия пәні бойынша Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олимпиадаға 20-дан астам елден оқушылар қатысады. Оның ішінде Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар бар. Команда құрамалары бұған дейінгі ұлттық химия олимпиадаларының нәтижесінде анықталып, іріктелген. Қазақстанның намысын бұл додада 15 оқушы қорғайды.


«Балалар арасындағы химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы елімізде осымен төртінші рет өткізілуде. Бұл жылы негізгі іс-шаралар Астанада өтеді. Атап айтқанда, оқушылар өз білімдерін техникалық жабдықталуы олимпиада талаптарына сай келетін Nazarbayev University лабораториялары мен аудиторияларында сынға салатын болады» - дейді «Дарын» РНПЦ директоры Гаждембек Тұрсынов.


Олимпиада алты күнге созылады және үш кезеңнен тұрады: екеуі теориялық және біреуі тәжірибе жүзінде. Бірінші кезең тапсырмалары күрделілігі бойынша арнайыландырылған химия сыныптарының бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші кезеңде қатысушыларға химияның бес бөлімі бойынша жоғарырақ деңгейдегі тапсырмалар беріледі: органикалық, органикалық емес, аналитика және физикалық химия, сондай-ақ, тірілер туралы ғылым. Бес сағаттық тәжірибелік кезең оқушылардың химиялық зертханаларда жұмыс жасау дағдысын сарапқа салады: заттардың химиялық сараптамасын жүргізу және ұсынылған әдістеме бойынша синтез жасау.


Олимпиада ұйымдастырушылары ретінде қабылдаушы тараптан Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Ресей тарапынан М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қор.


Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелері бойынша дипломдар мен медальдар табысталды. Абсолютті жеңімпазға жарысты ұйымдастырушылар тағайындаған академик Валерий Лунин атындағы сыйақы тапсырылады.


Атап өту керек, олимпиаданың ашылу мен жабылу салтанаты Youtube арнасындағы ресми парақшаларда тікелей эфирде жүргізіледі.