Қызылордадағы балабақшада бүлдіршін қайнаған суға күйіп қалған
Қызылордадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жастағы қыз қайнаған суға күйіп қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
22 мамыр күні Қызылорда қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде балақай қайнаған суға күйіп қалды. Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жағдай тәрбиеші мен күтушінің салғырттығынан болған.
Балабақша меңгерушісі оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, кінәлі деп танылған екі қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Оның айтуынша, мекеме зардап шеккен баланың анасымен байланыста болып, жағдайға қатысты көмек көрсетіп жатыр.







