"Даму бала" бағдарламасына бөлінетін қаражат қысқартылады

2 680

Фото:pixabay.comШымкентте "Даму бала" бағдарламасына қатысты қаржыландыру көлемінің қысқаруы мен талаптардың күшеюі кәсіпкерлердің наразылығын туғызды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тегін спорт секциясы мен өнер үйірмесін ашып, бизнесін дөңгелетіп отырған жандар бюджеттің ақшасын әрең жеткізіп отырмыз деп қапалы. Олар өзгеріс күшіне енсе 200-ге жуық өнер орталығы жабылуға мәжбүр болады. Осылайша 50-ге жуық кәсіпкер бүгін әкімдікке жиналды.

“Менің өзімде жүзден астам оқушы келеді. Олардың өзі жылдап, екі жылдап кезекте тұрып, әрең дегенде бізге енді тіркелдік деген кезде біздің жабылуымызға тура келіп отыр. Себебі бізде олардың талаптары мен балаларға төлемақысы сәйкес келмейді. Біздің жалға алуымызды, материалдар шығынымызды жаппайды”, – дейді кәсіпкер Гүлнұр Сейітханқызы.