Наурыз айындағы ҰБТ: Талапкерлердің 65 пайызы шекті балды жинады

518
Наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, талапкерлердің 65% шекті балл жинаған. Орташа балл - 65, ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

Тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жартысынан көбі ҰБТ тапсырып үлгерді.

74,2% - қазақ тілінде 25,6% - орыс тілінде 0,2% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты.

2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.