Қыркүйек айынан бастап ЖОО оқытушыларының жалақысы көтерілмек

499

Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтеріледі- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметі аяқталған соң атқарылған жұмыстар туралы есеп берген уақытта Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді. Ол үшін Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы профессорлық-оқытушылық құрам жалақысының ең төменгі деңгейін белгілейтін бұйрыққа қол қойдым. Бұл бұйрық жалақыны бұрынғымен салыстырғанда көбейтуге мүмкіндік берді. Жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Ал педагогикалық жүктеме деңгейін оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай етіп бекіттік. Сондай-ақ университеттердегі шамадан тыс бюрократия мен тікелей міндетке жатпайтын біраз функцияларды алып тастадық», – деп жазды министр Facebook парақшасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.