Қарағанды қаласында ерекше балаларға арналған оқулыққа 76,6 млн теңге бөлінді

1 115

Қарағанды облысында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы оқу құралдарын сатып алуға 76,6 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: Абзал КалиевЕрекше балаларды оқыту мәселелері ата-аналардың облыс әкімімен және бейінді ведомстволармен онлайн-кездесуі барысында қаралды. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметованың айтуынша, қазіргі уақытта көру және ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған оқулықтар мәселесі шешілді. Бұл түйіткілді ерекше балалардың ата-аналары өткен кездесуде көтерген болатын.


«Биыл көру қабілеті мен ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған оқулықтарды сатып алуға 76,6 млн теңге бөлінді. Бұл қажетті кітаптардың 15 200 данасын сатып алуға мүмкіндік берді», - деді Гүлсім Қожахметова.


Тағы бір өткір мәселе – арнайы білімі бар педагогтер тапшылығы. Ведомство басшысы бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Осы мақсатта биыл аутизм диагнозы бар балалармен өзара іс-қимыл бойынша педагогтер мен ата-аналарды оқыту курстарына қаражат бөлінді.


Онлайн-кездесуде ата-аналарды, сонымен қатар аутизмі бар балаларды қолдау орталығы қашан ашылатыны да қызықтырды. Облыстың білім басқармасы бүгінгі күні нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 70% орындалғанын хабарлады. Орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына қатысты жиһаз бен жабдықтар сатып алынғаны айтылды. Жаңа орталықта балалармен бес дефектолог, үш психолог және логопед жұмыс істейді. Барлық педагог арнайы оқытудан өткен. Орталық қыркүйек айының соңында ашылады деп күтілуде.