Жүктіліктің 42 аптасында босану белгілері болмаса не істеу керек?
3 749
Ұзаққа созылған жүктіліктің қаупі бар ма және босану индукциясын қай кезде жасау қажет екенін ұрықты зерттеу бойынша мамандар түсіндірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Толық жүктілік мерзімі қырық апта боп есептеледі. Дегенмен әйелдердің 5-10 пайызы жүктіліктің 42 аптасына дейін жүріп, дені сау нәрестені дүниеге әкеледі.
42 аптадағы жүктілік кеш боп саналады. Бұл мерзімде әйел дені сау бала туа алады, бірақ асқыну қаупі артуы да мүмкін. Сондықтан болашақ ананың жағдайын бақылау және дәрігермен байланыста болу маңызды.
Кей жүкті әйел неліктен 42 аптаға жеткенше босанбайды? Медицина ғылымдарының докторы Дэн Бреннан көп жағдайда 42 аптаға дейін созылған жүктілік мерзімінің дұрыс анықталмағанымен байланысты болатынын алға тартады. Мұны бір күндік дәлдікпен анықтау қиын, кейде алдын ала белгіленген мерзім қате болып, осындай "кідіріске" ұласып жатады.
Сонымен қатар гормоналды бұзылыстарға байланысты босану уақыты кешеуілдеуі мүмкін. Артық салмақ, қалқанша безінің аурулары, қант диабеті және басқа патологиялар босану процесінің басталуын кешіктіреді. Кейде ұзаққа созылған жүктілік әйелдің жеке ерекшеліктерімен де байланысты (бұрынғы жүктілік 40+ апта болса) және ер бала көтерген кезде осындай жағдай болуы ықтимал.
Әйел жүктіліктің 42 аптасында босанбаса не істеу керек? 42 аптада жүктілік қалыпты және қалыпты емес болуы мүмкін. Егер дәрігер ешқандай мәселе жоқ десе, шырышты тығынның және шарана сұйықтығының шыққанын күту керек. Егер дәрігерлер әйелдің және баланың денсаулығына қауіп бар екенін байқаса, босануды индукциялау әдісі (босануды жасанды ынталандыру) ұсынылады. Кей жағдайларда дәрігерлер кесарь тілігін жасауға кеңес береді.
Босанудың негізгі белгісі - толғақ. Егер толғақ тұрақты әрі аралығы 10 минутқа дейін қысқарса, перзентханаға баратын уақыт жетті деген сөз.
Мерзімінен асқан жүктілік ана мен балада асқынулар тудыруы мүмкін, тіпті перинаталдық өлімнің болуы да ғажап емес дейді акушерлік және гинекология бойынша аға оқытушы Мохамед Галал. Жүктіліктің 42 аптасына дейін босануды индукциялау бұл асқынулардың алдын алады. Алайда емделушілер де емдеушілер де босану индукциясына байланысты тәуекелдерге, сәтсіздіктерге, кесарь тілігіне бірдей алаңдайды.
Жүктіліктің 42 аптасында босану үшін не істеуге болады? Мейо клиникасының мамандары ол үшін толғақ шақыратын және жатыр мойнын ашатын дәрілер қолданылатынын жазады. Сонымен қатар дәрігер жатыр қабырғасынан шарана суы тұрған қапты қолмен ажыратады немесе жасанды түрде жарып жібере алады. Бұл процедураларды арнайы мамандар клиникада ғана жүзеге асырады. Қандай да бір дәрі-дәрмекті өз бетінше қабылдауға болмайды.
Жүктіліктің 42 аптасында ана мен құрсақтағы баланың жағдайы қандай болады?
42 аптада баланың жағдайы қандай болады? Бұл кезде баланың басынан аяғына дейінгі бойының ұзындығы 46 см-ден 53 см-ге дейін, ал салмағы 2,9-4,3 кг аралығында болады. Бас шеңбері 33 см-ден 37 см-ге дейін жетеді. Шарана дүниеге келуге толығымен дайын, барлық ағзасы қалыптасады, өз бетінше тыныс алуға дайын. Оның ас қорыту жүйесі бұл кезеңнің өзінде жұмыс істейді: нәресте шарана суын жұтып, үлкен дәрет сындырады.
Қаңқа қатайып, сүйектер мықты бола түседі және күш жұмсауға дайын болады. Баланың басындағы еңбегі ғана жұмсақ қалыпта қалады. Верникс пен лануго көп жағдайда кетіп қалады, бірақ кейбір жаңа туған нәрестелердің денесінде түк болады. Тері тегістеледі және қызғылт реңкке айналады, шаш пен тырнақ өседі.
Құрсақтағы бала қозғалады, ал анасы әлсін-әлсін сәбиінің тепкенін сезеді. Бала қозғалысының азаюы қозғалатын орынның тарылуына байланысты болуы мүмкін. Бала ұйықтап жатқанда қозғалмайды. Есіңізде болсын, егер сіз ұзақ уақыт бойы іштегі сәбидің қозғалысын сезінбесеңіз, дәрігерге жүгінуді ұмытпаңыз.
42 аптада баланың жолдасы ескіреді және оның қызметі нашарлайдды. Сондықтан шарана қоректік заттар мен оттегіні аз алады, бұл оның одан әрі өсуі мен дамуына қауіп төндіреді. Бала жолдасының күйін ескіру маркерлеріне, яғни оның құрылымы мен қалыңдығына назар аудара отырып, ультрадыбыстық зерттеу аппараты арқылы анықтайды дейді ұрықты зерттеу жөніндегі маман Самприкта Манна.
Бұл мерзімде әйел арқа мен іштің төменгі бөлігінде ауырсыну мен ауырлық сезінуі мүмкін, сонымен қатар кіші дәретке жиі шығып жатады. Ас қорыту бұзылыстары болуы ықтимал, себебі баланың салмағы ішкі ағзаларды басып тұрады. Диарея - босанудың жақындағанының белгісі. 42 аптада толғақтың сипатын бақылап, айтолғақ және нағыз толғақты ажырата білу маңызды. Босану кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін болғандықтан үнемі сергек жүрген абзал.
Болашақ ана үшін бұл кезең мазасыздықпен, уайымдаумен өтеді, себебі ол алда күтіп тұрған босану жағдайына, баланың саулығына алаңдайды. Соған қарамастан әйел адам өзіне қамқорлық жасауға тиіс – жақсы тамақтанып, таза ауада демалып, жақын жандармен әңгімелескен жөн. 42 аптадағы жүктілік кеш болып саналады және ана мен бала үшін белгілі бір тәуекелдер де жоқ емес. Сондықтан дәрігердің бақылауында болып, ұсынылған сараптамалардан өту маңызды. Соған байланысты дәрігер босануды индукциялау қажеттілігін немесе тек толғақтың келуін күту керектігін анықтайды.
Материал ақпараттық сипатта жазылған, сондықтан алдымен дәрігермен кеңесіп, содан соң мұнда көрсетілген емдеу әдістеріне жүгінген жөн.