Ауыр халде жеткізілген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды

2 513

Фото:©Педиатрия және балалар ХҒОТаиландтың Пхукет қаласынан ауыр халде жеткізілген шала туған сәби екі айға жуық уақыт дәрігерлер бақылауында болып, кейін үйіне шығарылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кішкентай Аслан небәрі 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация арқылы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген. Оның жағдайы ауыр болған: дене салмағы өте төмен, асқынулар анықталған. Сәби бірден жаңа туған нәрестелердің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер тексеру барысында өміріне қауіп төндірген ішек перфорациясын анықтап, шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдаған. Балалар хирургтері күрделі ота жасап, сәбидің өмірін сақтап қалған. Отадан кейін Аслан неонатологтер, реаниматологтер, хирургтер мен мейіргерлерден құралған мамандар тобының тәулік бойғы бақылауында болған.

Екі айдан астам уақыт ішінде нәрестенің жағдайы біртіндеп жақсарған. Оның салмағы 1 200 грамға өсіп, қазір 2 500 грамға жетті. Бүгінде сәби өздігінен тыныс алады, табиғи жолмен тамақтанады және оңалтудың келесі кезеңін үй жағдайында жалғастырады. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Абай Құсайыновтың айтуынша, баланың өмірін сақтап қалуға уақтылы ұйымдастырылған медициналық эвакуация, жедел диагностика және дәрігерлердің үйлесімді жұмысы мүмкіндік берген.

Сәбидің отбасы қымбат медициналық көмектің толық көлемін мемлекет есебінен тегін алды, — деді ол.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан санитариялық авиация жүйесі арқылы шұғыл медициналық эвакуация ұйымдастыратын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.