Дәріні енді робот бақылайды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыдағы онкологиялық орталықта дәрі-дәрмектің науқасқа дейінгі жеткізу жолы роботтың көмегімен бақыланады. Яғни роботтандырылған дәріхана кешені мен препараттарды жабық, герметикалық жағдайда дайындау жүйесі енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа технология дәрі-дәрмекті қабылдап, сақтаудан бастап, науқасқа беруге дейінгі үдерісті автоматтандырады. Жүйенің басты ерекшелігі – әрбір препарат цифрлық бақылауда болады. Арнайы код арқылы дәріге жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Онымен жасалған барлық әрекет жүйеде тіркеледі. Осылайша мамандар препараттың дәріханаға түскен сәтінен бастап науқасқа берілгенге дейінгі бүкіл жолын бақылап отырады.

Бұл онкология үшін аса маңызды. Себебі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің дәлдігі мен қауіпсіздігі емдеу сапасына тікелей әсер етеді. Қазір Алматы онкологиялық орталығында 38 мыңнан аса науқас есепте тұр.

"Датаматрикс кодпен әрбір дәрілік заттың қорабын қадағалау үрдісіне көп назар аударылады. Осы үрдісті жетілдіру мақсатында орталық автоматтандырылған роботтандырылған құрылғыны алдырған болатын. Бұл құрлығының басты ерекшелігі – мекемеге келген әрбір қорапты датаматрикс бойынша қабылдау, оны сақтау және бөлімшелердің қажеттілігіне қарай әрбір қорапты жеке тіркеу арқылы бөлімшелерге беру", - дейді қалалық онкологиялық орталықтың Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Самал Балаханова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.