Коронавирус: Ақтөбе облысы "қызыл" аймаққа өтті

315
Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың 31 наурыздағы жаңа матрицасы жарияланды.

Оған сәйкес, Ақтөбе облысы инфекцияны жұқтыру қарқыны бойынша "сары" аймақтан "қызылға" өтті.

Cоңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде республика бойынша "қызыл" аймаққа кіргендер қатарында Атырау мен

Ақтөбе облыстары, БҚО, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар. 

"Сары" аймақта тек екі өңір ғана қалды. Олар Алматы мен Қарағанды облыстары. 

Қалған өзге облыстар мен Шымкент қаласы КВИ бойынша бүгінде "жасыл" аймақта тұр.

Елімізде індетті жұқтырғандардың саны күрт өсті. Өткен туәлікте ғана елімізде COVID-19 тағы 1663 адамнан анықталды.