ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨКПЕ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ АЗАЙМАЙ ТҰР
1 484
Бүгінгі күні Қызылордалық тұрғындардың бірі облыс аймағында торакальды хирургиялық көмек алуға мүмкіндік болмай отырғандығын жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Адамзатқа 4000 жылдан астам уақыт бойы әсер еткен ежелгі ауру - туберкулез. Яғни, өкпе ауруы әрдайым адамзаттың ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек. Бұл сырқаттың өзектілігі тек медициналық проблема ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе болып табылады.
Ал, Қызылорда облысында туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болып қала береді және жоғары ауру мен өліммен сипатталады. Бұл жөнінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 10 миллионға жуық науқас тіркеледі. Ересектер арасында туберкулездің жоғары таралуы балалар мен жасөспірімдерде инфекцияның дамуына және өсуіне ықпал етеді. Жыл сайын әлемде туберкулезден шамамен 7000 адам қайтыс болса, ал әр сағат сайын 300-ге жуық науқас ажал құшатындығы айтылған. Алайда, өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан фтизиопульмонологиялық орталық 8 – бөлімше, жалпы 265 төсек орынмен жабдықталған болса, 174 науқас ем-дом қабылдауда. Оның ішінде 84 науқас ашық –жұқпалы өкпе ауруымен ауыратындығы белгілі болды. Аталмыш орталықта жедел араласуды қажет ететін өкпе аурулары да бар, яғни торакальды хирургия бөлімшесі де бар.
Алайда, өңіріміздің тұрғыны өкпе пневмотораксы диагнозымен Қызылорда облыс аймағында торакальды хирургиялық көмекті алуға мүмкіндік болмағандығын жеткізген болатын. Науқастың айтуынша, басты себеп торакальды хирургия бойынша облысымызда мамандардың болмауын алға тартты.
Сонымен қатар, науқастың айтуынша, диагноздың негізі хирургиялық әдіс болып табылады, ол торакальды хирургтардың болмауына байланысты біздің өңірде жасалмайды деген болатын.
Сонымен қатар, басшылықтың айтуынша торакальды хирург дәрігер 0,5 бірлікпен қызмет атқаратындығын және де Осы сала бойынша оталық бөлменің бұрыңғы дәрігерлердің қолданған аппараттары өзгеріссіз қалғандығын да жеткізді. Егер, науқас қаласа не болмаса науқастың жағдайы торакальды хирургияны қажет етсе Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей қалаларына жолданатындығын алға тартты.
Расында, әр түрлі себептерге байланысты жедел хирургиялық араласуды қажет ететін өкпе ауруларынан зардап шеккен әр адам басқа қалаларда ем ала алмайтындығы тағы бар. Білдей облыс орталығы бола тұра, торакальды дәрігерлердің жоқтығы қынжылтады.
Расымен, айтып келмейтін сырқаттың өңіріміздің экологиялық аймақ екендігін ескерсек, ушығу қатері жоғары екендігі тағы бар. Қара халықтан міндетті медициналық сақтандыруды талап ететін зайырлы мемлекетіміздің әлі күнге дейін медицинадан облысымыздың қалыс қалғаны қалай? Өңірімізде бір емес екі бірдей өкпе ауруына ем қондыратын орталықта неліктен өкпеге операция жасауға мүмкіндік беретін арнайы заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етпеске? Мемлекет тарапынан тиісті емді қондыра алмайтын жағдай туындаса, ақылы жеке дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болса мемлекеттік емдеу орындарынан не көмек?
Облысымыздың бас дәрігерінен Қызылорда қаласында өкпеге операция жасай алатын торакалды хирургтар мен замануи талапқа сай медициналық жабдығы бар торакалды хирургия бөлімшесін кеңейту мәселесін қолға алып, ат салысуын сұраған жандардың өтініші аяқ-асты қалмайды деп сенейік.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

Осы орайда, «Емдеу кезінде ауруханада пассивті дренаж орнатылды. Өкпе түзетіліп, үйге шығарылдым. Фтизиопульмонологиялық орталықтың хирургиялық бөлімінде ем қабылдап, пассивті дренаж қойылып, ертеңіне рентгеннен түсірілімінде өкпе қайтадан кішірейе бастағаны байқалды. Алматы қаласындағы медициналық мекемеде булл мен плевраның бір бөлігін алып тастау операциясы жасалды»,-деді.
Сонымен қатар, науқастың айтуынша, диагноздың негізі хирургиялық әдіс болып табылады, ол торакальды хирургтардың болмауына байланысты біздің өңірде жасалмайды деген болатын.
Ал, "Облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМ бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары
«Бүгінгі таңда біздің облысымызда өкпе туберкулезінің торакальды хирургиялық жағаласудың қажеттілігі жоқ. Бізде дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылғанбыз. Егер науқасқа ота жасау керек болса дәрігерлер кеңесінен кейін шешім шығарылады. Ота жасау үшін құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған. Жаңадан керекті құралдарды алдыру жоспарлануда. Алдағы уақытта дәрігерлерімізді шетелге біліктілік дәрежесін көтеру мақсатында жіберу жоспарлануда.»,- деді Альтикешева Айгүл Оғадиқызы.