Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

2 506

Фото: АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында Берлинде Қазақстан Президентінің Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан Президенті Мюнхен қаласына барады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілерімен кездесулері жоспарланған.

Мемлекет басшысы Берлинде өтетін бизнес-форумға және Мюнхенде өтетін технологиялық бизнес-форумға қатысады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.