Арқалықта ұлына полицейлерден қашуды үйреткен әке қамауға алынды

266

Фото: pixabay.comАрқалық қалалық соты кәмелетке толмаған баласын рөліге отырғызып, ізіне түскен полицейлерден қашуды үйреткен ер адамға әкімшілік жаза тағайындалды.

 
Бұған дейін желіде Қостанай облысында полицейлер жас бала тізгіндеген көлікке оқ атқаны жайлы видео тараған еді.


 Видеода полициядан қашқан к
өлік бейнелеген. Кадрдан Mitsubishi Pajero маркалы көліктің тізгінінде 2007 жылы туған кәмелет жасына толмаған баланың отырғанын, оның жанында ересек адамның жеткіншекке тәртіп сақшыларынан қалай бой тасалауға болатынын айтып, нұсқаулық беріп отырғанын байқауға болады.

 
Олардың ізіне түскен полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен көлікті тоқтату туралы бірнеше рет бұйрық береді, жүргізушіге бағынбаған жағдайда қызметтік қару қолданатынын ескертеді. 


Алайда көліктегілер полицияның заңды талабына бағынбайды.


Ықтимал зардаптарды бағалағаннан кейін полиция "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның" 61-бабы, 5-тармағына сәйкес көлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін қызметтік қаруды қолданып, артқы дөңгелекті зақымдаған. Автокөлік осыдан кейін ғана тоқтаған. 


Полицейлер көлікті тоқтатқаннан кейін кәмелетке толмаған жүргізушінің қасында, жолаушы орындығында оның әкесі мас күйде отырғандығын анықтаған. 


Жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзінің міндеттерін орындамай, әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекетке барғаны үшін Арқалық қалалық сотының қаулысымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған он тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған. 
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.