Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті

587

Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 6 тамызда сағат 13:06-да хабарлама келіп түсті.


Онда Байтұрсынов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2020 жылғы ұл баланың құлап кеткені айтылған. Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып, мән-жайды анықтады, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.