ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБА МА?

5 702

Қызылордалықтар қоғамдық көліктерге байланысты мәселелердің  шешілмегеніне наразы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қазіргі уақытта, заманның дамуына байланысты, адамның өмір сүруіне деген барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Соның бірі қоғамдық көлік болып табылады. Қала және қала сыртында тұратын тұрғындардың айтарлықтай көп бөлігі қоғамдық көлікті күнделікті өмірде жиі пайданады. Жұмыс, оқу орындарына, басқа да маңызды жерлерге барып-қайту мақсатында қоғамдық көлікке  отыруға асығамыз. Алайда, өзімізді діттеген жерге дейін жеткізіп салатын, қаражат жағынан да тиімді бұл көлік түрі әрдайым ыңғайлы болып табылмайтыны тағы бар. 


Өздеріңіз байқап жүргендей, екі күннің бірінде осы қоғамдық көлікпен байланысты бір оқиға орын алып жатады. Оның ішіне қоғамдық көліктегі жанжалдар, ұрлық, жарақаттар тіпті қан қысымы жоғары, жасы үлкен кісілер мен денсаулығы нашар адамдардың ауаның жетіспеушілігі әсерінен талып қалуы және автобус жүргізушілерінің бір-бірімен жарыса жөнелуі мен қоса уақытқа бағынышты болуы. 


Бүгінде аймағымыздағы  қоғамдық көлікті қолдану тиімді. Себебі, арнайы бағдарлама арқылы автобустың бағыты мен нақты қай жерде келе жатырғандығын бақылауға болады.  Дегенмен, төлем ақысына келгенде арнайы банк қосымшасы арқылы 85 теңге төлесек, қазыналы қарттарымыз қолма-қол төлем үшін 130 теңге төлеуде.  


«Мен қарттар үйіне қатынаймын. Азанда үйден шыққанда, одан қайтқанда ақшалай төлем жасаймыз. Оған беріліп жатқан чек жоқ. Бізге ұқсаған кәрілер үшін 130 теңге төлем жасау ауырлық етеді. Біздің дәуірде болмаған банк арқылы төлем жасай алмаймыз. Қайтеміз енді амал жоқ»,- деп күрсінді Анаркүл апа.


Бүгінгі күннің өзекті мәселесі қоғамдық көліктегі адам санының нормадан тыс болуы, халық үшін  қиындықтар туғызатыны рас. Адам санының көп болуына байланысты жоғарыда айтылып кеткендей ұрыс-керіс, егде жастағы адамдардың отыратын бос орын болмағаны үшін жастарға айтатын сөздері т.б жағдайлар орын алады. Осының барлығы дерлік көлік жүргізушісі адам санына қарамай көп мөлшерде көлікке толтырып алуында. Адамдардың да үйге тез қайту мақсатында, тіпті кіретін орынның жоқтығына қарамастан, итерілісіп мінуі. Ал енді “неліктен осындай жағдай орын алады” деген сұрақ пайда болады. Жаңалықтардан белгілі автопаркке 150 дана автобус сатып алынды деген хабарларды естіп, көріп жатамыз. Соның өзінде бұл мәселе шешіле қойған жоқ. Себебі келесі автобус пен арасындағы интервал мен мектеп уақытында сабақтан шығатын қатынап оқитын балалардың көптігі автобус жетіспеушілігін аңғартты.  Автобустардың жүру жиілігі, яғни уақыты 20-30 минутқа дейін барады. Оның үстіне автобуста кондуктордың жоқтығы жүргізушіні әрбір жолаушыға қара тиынды санап отыруы жол көлік оқиғасына жиі әкеліп соғуда. 




«Қала ішілік көшелерде жол-жөндеу жұмыстары қоғамдық көлік қатынасына өз кедергілерін тигізуде.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсету мақсатында соңғы үлгідегі қоғамдық көліктер санын арттыру мақсатында аймақ басшысының қолдауымен қосымша 150 дана үлкен сыйымлықтағы автобустар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Серіктестіктің стратегиялық жоспарына сәйкес жыл көлемінде – «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қала ішілік жолаушылар тасымалының барлық бағыттарын қамту кіреді.»,- делінген «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС мамандары.


Осының барлығы, автобус паркінің жұмыс істеу  принциптеріне келіп тоқталады. Әр автобус жүргізушісінің тарифы, жолаушы санының неғұрлым көп болуы оның жалақысына тура пропорционал. Сондықтан оларға негізінен адам комфорты маңызды емес. Осы жайыттарды еске ала отырып, қоғамдық көлік мәселесін шешуді қолға алған жөн секілді.