Өскеменде қан-қызыл түске боялған өзен арнасы тұрғындардың зәресін алды

295
Өскеменде Абай 13/1 ауданындағы Комендантка өзенінен қалған арна суы қан-қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындарды шошытты. Мамандар бүгінде өзен суының қызыл түске өзгеруінің себебін анықтауда.

Белгілі болғандай, басылымға өзен арнасындағы судың қан-қызыл түске боялған суретін оқырмандар жіберіпті. 


Басылымның мәліметінше, бүгінде мамандар судың жағаға жақын маңын зерттеп көрген екен. 


"Суда қандай да да бір зиянды элементтері бар ағын судың келуі немесе ластанған көздің бары анықталмады. Одан бөлек арна мен оның жағасының қоқысқа толып қалғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді ШҚО экология департаменті мамандары. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.