Қызылордада жылу маусымында 55 өрт тіркелген

2 509

Фото: Ақмола облысы ТЖДОблыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, тілсіз жау 6 адамның өмірін қиған. 10 адам түрлі дене жарақатын алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жылу беру маусымы басталғалы тұрғын үй секторларында 55 өрт оқиғасы болған, 1 адам көз жұмды. 2024 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға азайған. Газдан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Тілсіз жау көбіне тұрғындардың қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан пайда болады, — деді департаменттің басқарма бастығы Бейбітхан Спанов. 

Қызметкерлер тұрғындарға қауіпсіздікті сақтауға кеңес береді. Бір жылда олар 95 мыңнан астам тұрғын үй секторын аралап, 311 мыңнан астам адамға профилактика жөнінде айтты.

Әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасының үйіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен табиғи газды анықтайтын 484, көмірқышқыл газын анықтайтын 85 датчик орнатылды. Тұрғындарға оны пайдалану ережелерін түсіндірдік, — деді департамент өкілі.