Қызылордада азот оксиді бар шарлар сатылғаны анықталып, тергеу басталды
Қызылордадағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық түрде сатылып келген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Кезекті рейд кезінде арнайы жасақ иісшіл итпен бірге ғимарат ішін толық тінтіп шыққан. Нәтижесінде газ баллондары мен шар салынған полиэтилен пакеттер табылған. Мұнда демалушыларға шарға азот оксиді толтырылып, ұсынылған.
Сонымен қатар, клуб қызметкерінің кәмелет жасына толмағаны анықталып, оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделген.
Қаз
Рус






