Қызылордадада вакцина алушылар артып келеді
369
Бүгінге дейін №1 қалалық емханада 18 мыңнан астам тұрғын вакцинаның І дозасын салдырған. Ал ІІ компонентін алғандар саны 14 мың. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №1 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Бердімағанбетова тұрғындардың екпе алудағы белсенділігін айтып, вакцина туралы пікірімен бөлісті деп, хабарлайды Kyzylorda-news.kz
«Екпе алған адам 100 пайыз вирустан қорғанады деген сөз емес. Алайда, екпе алған адам вирус жұқтырса ауру жеңіл түрде өтеді. Бұл ретте әр адамның иммундық жүйесі де үлкен маңызға ие. Қазір короновируспен ауырып, жағдайы ауырлаған науқастардың көпшілігі екпе алмағандар», – деді Гүлмира Бердімағанбетова.
Сондай-ақ жағдайы орташа 162 науқас үй жағдайында, емхана стационарында 6 адам дәрігерлердің бақылауына алынғандығын айтты. Ал «Alexsey Sultan Akhmet» емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Баян Уалиева «бұрынғы тіршілігімізге ораламыз десек, ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек», – деп қазіргі жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар сын сәтте тынымсыз еңбек етіп жүрген медицина саласы мамандарының еңбегін ерекше бағалап өтті.
«Аймақтағы санитарлық-эпедимиологиялық ахуал көпшілігімізді алаңдатуда. Күн сайын короновирус індетіне шалдыққан науқастар артып келеді. Осы орайда ауыр жүк медицина саласының мамандарына артып отыр. Қаншама науқасты ажалдан арашалап барынша күш-жігерін жұмсауда