ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

1 509

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіБүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде елімізде инклюзивті саясатты дамыту және оны тиімді іске асыру мәселелері жан-жақты қаралды.

Отырыста қоғамның барлық санатындағы азаматтар үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеу және ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың өзектілігі ерекше атап өтілді.

Аталған жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жөнінде ақпарат берді. Үкімет отырысынан кейін өңірлік деңгейде өткен кеңейтілген мәжілісте осы және өзге де маңызды мәселелер талқыланды.@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі өз сөзінде инклюзивті ортаны дамыту – тек әлеуметтік міндет қана емес, қоғамның әділеттілігі мен адамгершілік деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш екенін атап өтті.

«Жаңадан бой көтеріп жатқан ғимараттар, саябақтар мен сауда орталықтары мүгедектігі бар азаматтар мен қарт адамдардың еркін қозғалысына толық бейімделуі тиіс. Бұл – міндетті талап. Әуежай, теміржол және автовокзалдарда арнайы бағыттаушы белгілер орнатылып, пандустар, лифтілер және бейімделген санитарлық тораптар толық әрі сапалы жұмыс істеуі қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіСонымен қатар, облыс әкімі инклюзивті саясаттың тек инфрақұрылыммен шектелмейтінін, ол еңбекке тарту, әлеуметтік қолдау және спорттық даму бағыттарын да қамтуы тиіс екенін баса айтты.

«Егер мүгедектігі бар азамат еңбекке қабілетті болса және жұмыс істеуге ниет білдірсе, оған барлық жағдай жасалып, қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Сонымен қатар инватакси қызметі үздіксіз жұмыс істеуі керек. Қажет болған жағдайда көлік санын көбейту мәселесін қарау қажет. Бұл қызметтің сапасы мен қолжетімділігі тұрақты бақылауда болуы тиіс», – деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Қызылорда қаласында елімізде алғашқылардың бірі болып мүгедектігі бар азаматтарға арналған заманауи Инклюзивті спорт орталығы ашылды. Бұл орталық ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен еркін айналысуына, кәсіби деңгейде@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі дамуына және халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашып отыр.

Мәжіліс барысында төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту, көктемгі дала жұмыстарының кедергісіз әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Аталған бағыттарда барлық жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге өңірдің макроэкономикалық көрсеткіштерін тұрақты өсіру, әлеуметтік және тұрғын үй құрылыстарының сапасын қатаң бақылау қажеттігі айтылды. Бұл ретте құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен сапасына ерекше назар аудару тапсырылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіЖол инфрақұрылымы да назардан тыс қалмады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы бойындағы қызмет көрсету орталықтарының жағдайы, жол бойындағы санитарлық тораптар мен аялдамалардың тазалығы мен қолайлылығы тұрақты бақылауда болуы тиіс екені атап өтілді.

Жиын соңында барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың орындалуын жүйелі бақылауға алу және нәтижелі іске асыру міндеті жүктелді.