АУДАН ӘКІМІ АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВҚА «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

1 507

АУДАН ӘКІМІ АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВҚА «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған реформалар, биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі бағыттары, сондай-ақ Президенттік жастар кадрлық резервінің мемлекеттік басқару саласына білікті жастарды тартудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Салтанатты шара барысында бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі-нің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жиында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлы Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін табыстады.

Бұл марапат - аймақ басшысының ауданымызда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға берілген жоғары бағасы және қолдауы мен сенімінің айқын көрінісі.

Аудан басшысы Алмасбек Әбілқасымұлын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбегіне толайым жетістіктер тілейміз!