Қызылорда облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда

2 508

Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыз және бақылаусыз жүрудің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Рейд барысында ойын-сауық орындары, саябақтар, скверлер және басқа да қоғамдық орындар тексеріліп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдер анықталды.  Соңғы үш тәулік ішінде Қызылорда облысы полиция департаментінің ювеналды полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты 109 әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты кодекстің 127-бабы бойынша 12 әкімшілік хаттама толтырылды.  Сондай-ақ рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 3 ойын-сауық орны анықталды. Аталған мекемелердің иелеріне қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. 

Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.