Тәтті сыйдың ащы шындығы

2 507

Фото; Әлеуметтік желіҚызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы тыйым салынған затты сәлем-сауқат арасына жасырып алып өтпек болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мекеме қызметкерлері азық-түлік өнімдерін белгіленген тәртіппен тексеру барысында вафлидің арасына жасырылған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар белгісіз затты анықтады.

– Аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген затқа сот-химиялық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның жалпы салмағы 11 грамм есірткі екені анықталды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Ал жуырда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.