ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

1 505

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйінде орналасқан №56 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуінде бұл сайлаудың ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам екенін атап өтті. Еліміздің тарихындағы маңызды кезеңде әр азаматтың таңдауы айрықша мәнге ие. Құрылтай сайлауы – ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытуы маңызды деп есептеймін, - деді аудан әкімі. 

Бүгінде Қазалы ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі штаттық режимде өтіп жатыр. Тұрғындар ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымдарын танытып, белсенділікпен дауыс беруде.

Қазалы ауданында таңғы сағат 7.00-де барлық 39 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Аудан орталығы - Әйтеке би кентінде 14, Қазалы қаласында 3 және ауылдық округтерде 22 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. 

Ауданда Құрылтай сайлауына 47 515 дауыс беруші тіркелген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.