МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН, ҚЫЗЫЛОРДА!

1 507

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН, ҚЫЗЫЛОРДА!

Қала күні мерекесіне арналған мәдени шаралар легі 12 қыркүйектен бастау алып, шаһардың әрбір мөлтек ауданында түрлі форматтағы мазмұнды кештермен жалғасуда.

Кеше Орталық алаңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өнерпаз жастары «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – туған өлкенің тарихы мен мәдениетін дәріптеу, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, сондай-ақ Қызылорданың мерейлі мерекесін кеңінен атап өту.

Кеш барысында университеттің өнерлі студенттері көрермендерге мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынып, туған жер мен Сыр өңіріне арналған әндерді әуелете орындады. Сонымен қатар, түрлі би композициялары сахналанып, жастардың шығармашылық әлеуеті кеңінен көрініс тапты.

Өнер мен әуезді әнге ұласқан мерекелік кеште Қызылордаға деген ыстық ықылас, туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік ерекше сезілді.

Қаламыздың мерейлі мерекесі барша Сыр жұртына ортақ қуаныш!

Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда! 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.