Астана мен Қызылорда арасында жаңа Stadler вагондары қатынайды

2 505

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызы отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен қатынайды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған құрам 416 жолаушыға арналған 9 вагоннан тұрады. 

Ұлттық тасымалдаушы 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамын отандық өндірістен шыққан Stadler вагондарымен жаңартады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды.

Пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагондар климат-бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру шамдарымен, 220 В электр розеткаларымен, бейнебақылау жүйесімен, қол жүгі мен багажды орналастыруға арналған орындармен және буфет аймағымен жабдықталған.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты мен теміржол кассаларынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның теміржол паркі 162 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Заманауи вагондар Wi-Fi, бейнебақылау, USB-порттар және кондиционермен жабдықталған. Ал кейбірінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы купелер қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.