Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды

241

Фото: pixabay.comАлматыда 21 сәуір күні түскі бір шамасында басталған қар әлі жауып тұр. Осы уақыт аралығында тау мен тау бөктеріндегі аудандарда 10-12 см жауын-шашын, ал қалада 6-8 см қар түскен.

Ведомствоның хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін 21 сәуір сағат түнгі 22:00-ден бастап қала жолдарына арнайы қоспалар себіліп, жауған қар сыпырылып жатыр. 

Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылған. 

Сонымен қатар, тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. 

Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырлған. Оның 136-сы құм шашатын техника. 

Сондай-ақ аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік
ұйымдастырылған. 

Синоптиктер болжамынша, оңтүстік астанада қар түске таман тоқтайды.