Қайрат Нұртас әйелімен ажырасқанын растады

560
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова жеке өміріне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Отандық шоу-бизнестегі ең танымал жұп бүгінде ерлі-зайыпты емес екендерін ашық түрде жариялады.

Қазнетте қызу талқыланған видеоға зер салсақ, Жұлдыз ұшақтың ішінде Қайраттан сұхбат алып отыр. Ол оның өнеріне, жеке өміріне қатысты түрлі сауалдар жолдаған.

Жалпы, қазіргі әйеліңіз кім?, - деп Жұлдыз Қайраттан сұрады.

Жұлдыз Әбдукәрімовадан мұндай сұрақты күтпеген Қайрат Нұртас еш іркілместен жауап берді.

Әйелім? Менің әйелім жоқ. Менің басым бос, — деді Қайрат Нұртас.

Дәл осы жауаптан кейін Жұлдыз да өзінің күйеуі бар екенін айтып, бұдан былай жеке өмірін жасырын ұстайтынын жеткізді. Аталған бейнежазбадағы әңгіме олардың кезекті хайпы болуы әбден мүмкін. Десек те, атышулы жұп ештеңені ашып айтқан жоқ.