"Күйеуін тастап кеткен шығар, әйтпесе қасында жүрер еді ғой" - еркекшора Ізбасханова шетелде сайран салуда

956
Жақында ғана тұрмысқа шыққан әнші Гүлмира Ізбасханова төркіндерімен Стамбұлда демалып жүр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Ел арасында "еркекшора" атанып кеткен Гүлмира Ізбасханова яхтада жүрген сәтін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда әншінің анасымен және аға-әпкелерімен қыдырып жүргенін көруге болады.

Гүлденген әлем, Стамбұлдан сәлем. Сіздерге жұғысты болсын! Менің баға жетпес аға-әпкелерім, - деп жазды әнші.

Гүлмира Ізбасханова 2022 жылдың қарашасында келін болған еді. Бірақ ол күйеуін әзірге көпшілікке көрсетпей, жеке өмірін құпия сақтап келеді. Ал желі қолданушылары келіндік қызметін атқарудың орнына қыдырып жүрген әншіні сынап, түрлі пікір жазып жатыр.

"Ажырасып кеткен бе? Өткенде ғана құлағына сырға салынып, келін атанды емес пе?", "Келіндік қызметі қайда қалды сонда? Осылардың өмірі рахат, әйтеуір", "Күйеуіңіз қайда?", "Маған осы қыз мүлдем ұнамайды", "Күйеуін тастап кеткен шығар, әйтпесе қасында жүрер еді ғой", — деп жазды желідегі жұрт.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.