Айгүл Иманбаева әріптесі Ақбота Керімбековадан таяқ жегенін мойындады
Ақбота Керімбекова әріптесі Айгүл Иманбаеваны соққыға жыққан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Менің Жақсыгүл жеңгем мен Ақботаның анасы Бибіажар апа – өте жақсы дос. Кейін менің анам мен Бибіажар апа танысып, сыйласып кеткен. Әлі есімде, Көктөбе жақта Ақботаның жер үйі болатын. Сол жаққа мен анам мен жеңгеме ілесіп бардым. Сөйтіп Ақботамен ойнап жүргенімде бір таяқ жегенім бар. Оның есінде бар ма, білмеймін, бірақ сол сәт мәңгі көз алдымда қалды. Мен ауылдан келген бұзықтардың бірімін. Сөйтсем, қалада менен де өткен бұзықтар бар екен деген ойға келдім”, – дейді әнші, актриса Айгүл Иманбаева.
Отандық әнші Нұрлан Албан да Ақбота Керімбекованың төбелеске жақын болғанын растады.
Ақбота Керімбекова өзінің ұрыса алмайтынын, көп мәселені бір жұдырықпен шешетінін жасырмады.