"Сіңлісінің баласын асырап алған": Фариза Төреәлі ел аузындағы қауесетке нүкте қойды
Жақында ана атанған танымал блогер Фариза Төреәлі “баланы асырап алды” деген сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол жеке парақшасына видео жүктеп, оқырманын сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер қатерлі ісікке қарсы ота жасатқан болатын.
“Америкада жүрген кез, Диногым бізге қыдырып келді. Ай сайын тест жасаймын, Дина бар кезге тұспа-тұс келіп, жүктімін деп ойлап реакциясын түсірген сәт. Плюс белгісі шығатын тест алғам ғой, ол тестте положительно болмаса да, екі сызық шығады, ал положительно болса, плюс шығады. Екі сызықты көріп алып жүктімін деп қателескенмін ғой. Аяқ-қолым дірілдеп, қуанып, ертесіне бірінші Диногыма айтқандағым ғой. Қаншама жылдан бері сәби аңсан жүрген жұптарды түсінемін. Әсіресе ай сайын үміт ету, күту, болмай қалса көңілдің түсуі..
Өзің күтіп жүргеніңмен қоймай жекеге өтіп, жан-жақтан тоқтаусыз келетін түрлі сұрақ қысым жасайды. Біріншіден, ондай сұрақты қоймаңыздар басқаларға. Екіншіден, егер балалы болғанын қатты қаласаңыз, тек дұға жасаңыз. Ал жөнсіз сұрай беру, жекеге өту өте әдепсіздікке, тіпті надандыққа жатады”, – деп түсіндірді блогер.
Блогердің айтуынша, өзін ата-анасы ағасы Төреғалидан кейін 9 жыл күткен.
Блогердің оқырмандары жағымсыз пікірге назар аудармай, өзі мен сәбиінің денсаулығын күтуге кеңес беріп жатыр.







