Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген тыңдарманның кеудесінен итеріп, ұятқа қалды
390
Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген тыңдарманның кеудесінен итеріп, ұятқа қалды. Оқиға Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ыңғайсыз сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда концертке келген тыңдарманның бірі сахнаға шығып, Роза Қуанышқызымен суретке түсуге ниет білдірген. Алайда мұны әбестік көрген Халық әртісі оны итеріп жіберген. Бұл сәтте әншінің микрофоны жайына қалды, ал ән жалғасып жатты.Желі қолданушылары Рымбаеваның бұл әрекетін қатаң сынға алды. Олардың бірі ер адамды итергені үшін сөксе, ендігілері "тек жанды дауыста ән айтамын" дейтін Халық әртісінің сахнаға фонограммамен шыққанына таңғалды.
"Ойбу, ер адамды сонша итергені несі? Ұяттау болған екен", "Фонограммасы көрініп қалды-ау", "Халықтан биік емес қой", "Ұят болды ғой", "Фонограмма екені анық көрінді ғой", - деп жазды оқырмандар.