Сабина Алтынбекованың жолдасымен түскен фотосы елді тәнті етті

468

Фото: https://www.instagram.com/altynbekova_20/?hl=ruОтандық танымал спортшы Сабина Алтынбекова желіде жолдасымен түскен жаңа фотосымен бөлісіп, қалың көпшіліктің жылы лебіздеріне ие болды. Желідегілер жас жұбайларды әйгілі фильмнің басты кейіпкерлеріне ұқсатуда.

Сабина Алтынбекова күйеуі екеунің суретін Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда ерлі-зайыптылардың классика үлгісінде киініп алғанын көруге болады. Волейболшы ару аталмыш фотоның астына ерекше жазба қалдырған.

"Бұдан былай бізді “Mr & Mrs Smith” деп атаңыздар" , - деп жазған спортшы. 

Желі қолданушылары жас жұбайлардың ерекше образдарына тәнті болып, оларды расымен голлувидтық “Mr & Mrs Smith” фильмінің басты кейіпкерлеріне ұқсатты. 

"Өте жарасымды жұп, бакытты болсын", "МашАллаһ, Қозы Көрпеш Баян Сұлу", "Қазақи Смиттер отбасы" , "Расымен ұқсап тұрсыздар. Бірі Анджелина, бірі Брэд Пит" , "Хан мен ханшайым" , "Шынымен образдарыңыз сол фильмде сомдаған актерлерге келеді" , "Керемет жұп, өте сәнді екенсіздер" , "Сабина расымен өз ер азаматын тапқан секілді. Сондай жарасып тұрсыздар" , - деп жазуда көпшілік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.