Астанада оқушы қызды зорлаған автобус жүргізушісі сотталды

252
Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам №1 автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеген. Қылмыс жасалған күні ол автобус салонында кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, оны зорлаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және оның заңды өкілінің жауабымен, психиатр-психологтар және сараптамалардың қорытындысымен, ұялы телефон арқылы куәгермен жазысқан хаттармен және куәгерлердің жауаптарымен дәлелденді.

Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 тармағы 1-тармақшасы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты өзге де қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Қылмыскер енді қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтейді.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.