Сабағы аяқталып, ата-анасын күткен оқушыны мектеп орынбасары қуып шыққан

734
Алматы қаласындағы №42 жалпы білім беретін мектептің орынбасары ата-анасын күткен оқушыны далаға қуып шыққан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Алматы қаласының тұрғыны Жанат Райқұлұлы сабағы аяқталып әкесін күткен қызын  №42 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары  Тасболатова Амангүл кешкі уақытта көшеге қуып жіберген. Кешкі кептелісте келе жатқан әкесін суықта бір жарым сағат далада күткен. Әкесінің шағымын қалалық білім бөлімі тіркеген.

Алайда, мектеп әкімшілігі оған бейнежазбаларды көрсетуден бас тартқан.  

Ал, Алматы қаласының білім басқармасы ресми түрде олар бейнені көргенін және баланы көшеге шығармағанын мәлімдеген. 

Бейнежазбалар мемлекеттік құпия болып көрінеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.