БАР ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАЛАРҒА!
149

“Балаларға жұмсалған қаржы болашаққа құйылған инвестиция” демекші, 25 қазан - Республика күні қарсаңында облыс көлемінде бір мезетте 80 жаңа ойын алаңы іске қосылды.
Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов пен қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев кеше ғана ел игілігіне беріліп, қызылордалық балаларға қуаныш сыйлаған спорт-ойын алаңдарын аралады.
Қала әкімі алдымен Бектұрғанов көшесі №17 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Интегрострой» ЖШС-нің демеушілігімен салынған спорт және ойын алаңына барды. Жаңа алаңқайда асыр салып ойнаған балалармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, ел ертеңі өскелең ұрпақтың қажеттілігі үшін алдағы уақытта да түрлі жобалардың жүзеге асырылатындығын жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар шаһар басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Асылбек Өмірбекұлы көпшіліктің талап-тілегі ескерусіз қалмай, барлығын өз ретімен шешу жолында жүйелі жұмыстар жасалады деді.

Қала әкімі барған келесі спорт-ойын алаңы шаһардың шет аймағындағы Титов тұрғын ауданы №5 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан. “Шиелі жолшы” ЖШС-нің демеушілігімен салынған жаңа алаңның қызығына берілген балаларды әңгімеге тартқан Асылбек Өмірбекұлы осынша игіліктің бәрі ел болашағы жас жеткіншектердің жан-жақты дамуы, сымбатты, қайратты болып өсуі үшін жасалып жатқанын айтты.