Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 898 млрд теңге қарастырылды

245
Биыл ана мен баланы әлеуметтік қолдауға 898 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылды деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Балалы отбасылардың құқығын және олардың заңды мүддесін қорғау – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Қазіргі таңда 1,6 миллион балалы отбасы әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алады. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау көпдеңгейлі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.

«Жүйеге бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемнің 3 түрі кіреді. Биыл республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 537,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,3%-ға көп. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 361,3 миллиард теңге қарастырылған», – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.