АУДАН ӘКІМІ АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ АҚҚЫР, ЖАҢАТАЛАП, МАҚПАЛКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

196
Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жылдың ІV тоқсанындағы  халықпен кездесуі Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтерінде жалғасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аудан басшысы елді-мекендердің тыныс тіршілігімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Аққыр ауылдық округінің тұрғындары ауылға клуб құрылысын салуды, аяқ су мәселесі қажеттігін жеткізді. 

Аққыр ауылындағы А.Ахетұлы көшесі биылғы жылы орташа жөндеуден өтуде. Аққыр ауылында спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

2023 жылға мақұлданған жобалардың қатарында облыстық бюджет арқылы Аққыр бағытындағы автомобиль жолын жөндеу бар. 
Аққыр елді мекенінің 5 көшесін жөндеуге, Жаңаталап елді мекенінің 3 көшесін жөндеуге, Жаңаталап елді мекеніне 100 орындық ауылдық клуб құрылысын салуға жобалау-сметалық құжат әзірлеуге, Мақпалкөл ауылдық округі Т.Жүргенов саябағын абаттандыруға, Мақпалкөл елді мекенінің балалар ойын алаңын ағымдағы жөндеуге, Жаңаталап елді мекеніне республикалық, облыстық бюджет арқылы техникалық су ұңғымаларын бұрғылау құрылыс-монтаждау жұмыстары  жүргізіледі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.