АУДАН ӘКІМІ НҰРЖАН АХАТОВ ТАЛАПТАН, БӘЙГЕҚҰМ, ЖӨЛЕК, ОРТАҚШЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
306

Келелі кездесуге ауыл тұрғындары, ауылдың абыз ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары, зиялы қауым өкілдері, Шиелі ауданының прокуроры Нұрбек Қаратаев, аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров пен бірқатар мекеме басшылары қатысты.

Атап айтар болсақ, Бестам ауылынан бастау алып, Майлытоғай ауылына дейінгі 32 шақырымды құрайтын «Нәнсай» қашыртқысы мен апатты жағдайдағы 2 көпірді иесіз деп тану үшін жауапты бөлімге қыркүйек айында хат жолданған. 1 жылдан кейін иесіз мүлік ретінде сотқа беріліп, теңгерімге алынатын болады. Содан кейін ғана көпір мен қашыртқыны қазып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауылдың айналасындағы көбейіп кеткен қасқырларды азайту мәселесіне келер болсақ, саны реттеуге жататын жануарларды аулауға рұқсат беру Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, жыртқыштарды аулауды Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-сі қызметкерлерімен ұйымдастыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар, аудан әкімдігі өз тарапынан жыртқыштарды аулауға ниет білдірген аңшыларға арнайы рұқсат құжатын ала отырып, аңшылықты қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі таңда, Талаптан ауылдық округі әкімі тарапынан аңшыларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.


Нәтижесінде, М.Әуезов, А.Құнанбаев көшелеріндегі тозығы жеткен 3 электр бағанасы ауыстырылса, ал егін егуге жер сұраған 5 тұрғынға 2023 жылы жер дайындалып, берілетін болады. Мектеп оқушыларын тасымалдайтын газель көлігі мәселесіне келер болсақ, бұл жөнінде жауапты басқармаға хат жолданған.

Мәселен, ауыл ішілік атауы жоқ көше тұйықтарына тас төсеу мәселесі ағымдағы жылдың аяғына дейін шешілмек. Яғни, ауылдағы 2 көше тұйығына «Шиелі-жолшы» ЖШС демеушілігімен қиыршық-құм қоспасы төселінеді. Ал елді мекенге жаңадан балабақша салу мәселесіне келер болсақ, қазіргі таңда балабақшаның жобалық сметалық құжаттары толық дайын, тек мемлекеттік сараптама жұмыстары қалып тұр.


Дәлірек айтар болсақ, тұрғындар тарапынан көтерілген елді мекенге жаңадан дәрігерлік амбулатория мен клуб үйін салу мәселелері және де Дүйсенбі Смайловтың 90 жылдығын аудан көлемінде атап өту мәселелерінің шешілу барысы айтылды. Сіздердің ауылдарыңыз «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасына енгізілген 8 ауылдың тізімінде бар. Аманшылық болса, алдағы уақытта жаңа амбулаторияның тұсауын кесеміз деген сенімдемін», – деді аудан әкімі. Ал, жаңа клуб үйін салу мәселесі облыс әкімінің алдымен, медициналық пункттер мен мектеп сынды қоғам үшін маңызды нысандарды салуға басымдылық беруі себепті кейінге қалдырылып отыр. Дүйсенбі Смайловтың 90 жылдығын атап өту мәселесі де оң шешімін тауып, «Алтын күз – 2022» мерейтойы аясында ақынның 90 жылдығы жоғарғы деңгейде аталып өтілді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі