Отбасы банк басшысы тұрғын үй кезегіне қатысты дауға жауап берді

1 506

Фото:©Ләззат Ибрагимова / hcsbk.kzОтбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова сыйақыға тұрғын үй кезегінде клиенттерді заңсыз алға жылжытты деп айыпталған банк қызметкерлеріне қатысты жағдайға пікір білдірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Банк қызметкерлері тарапынан клиенттер мен делдалдарға заңсыз көмек көрсету жағдайлары туралы белгілі болған.  Мәселе клиенттерді тұрғын үй кезегінде алға жылжытуға және несие алу үшін құжаттарды өзгертуге қатысты болып отыр. Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер Ибрагимовадан осындай әрекеттер салдарынан кезегі жылжып кеткен адамдарға өтемақы қарастырылған ба деп сұраған. Банк басшысы жылдық есепте көрсетілген заңбұзушылықтар клиенттер мен делдалдарға жәрдемдескені үшін қызметкерлерге заңсыз сыйақы берудің анықталған жағдайларына қатысты екенін айтқан. Тұрғын үй кезегінде тұрған клиент өз санатын "мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыға" өзгерткен. Бұл оған неғұрлым жеңілдетілген шарттарға үміткер болуға мүмкіндік берген.

"Бұл біз үшін үлкен сабақ болды: цифрландыру кезінде ауқымды жұмыс атқару қажеттігін, соның ішінде барлық цифрлық із қалатынын - кімнің, қай логинмен кіргенін және не істегенін көруге болатынын түсіндік", - деді Ибрагимова.

Оның айтуынша, нәтижесінде банк екі қызметкермен еңбек шартын бұзған. Олардың бірі өңірлік филиалда жұмыс істесе, екіншісі Отбасы банктің орталық аппаратында бизнес-сарапшы болған. Анықталған барлық дерек бойынша банк қызметкерлерді қылмыстық жауапқа тарту туралы арыз жолданған. Полиция қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Несие шартына қол қою кезеңінде бөлінген пәтер тоқтатылып, кері қайтарылды және ол тұрғын үйді бөлу процесіне қайта қатысты", - деп хабарлады Отбасы банк төрағасы.

Ибрагимова Отбасы банк жемқорлық пен алаяқтыққа мүлдем төзбеушілік принципін ұстанатынын атап өткен. Болашақта мұндай жағдайларды толықтай жоққа шығару мүмкін емес екенін мойындаған. Егер клиент заңсыз сыйақы талап етілгені туралы хабарласа, банк қызметтік тергеу жүргізеді.

"Мен үстел басында отырып сізге қызмет көрсететін адамның өз қызметі үшін қандай да бір сома сұрамайтынына жеке кепілдік бере алмаймын. Бірақ мұндай фактілер бойынша жүгінсеңіз, банкте қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлілер жазасын алатынына кепілдік беремін", - деді Отбасы банк басшысы.

Әрбір анықталған заңбұзушылықтан кейін банкте заңбұзушылықтың қалай мүмкін болғанын және мұндай жағдай қайталанбауы үшін не істеу керек екенін түсіну үшін бизнес-процеске талдау жасалған. Мысал ретінде ол туыстар арасындағы депозитті қайта рәсімдеуді келтірді. Мұндай операция үшін туыстық байланысты растау қажет, ал мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда тиісті құжаттарды ұсыну керек.

"Қазір бұл процесс біртіндеп автоматтандырылған форматқа ауыстырылып жэатыр. Тексеруге қажетті деректер eGov.kz пен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан алынады, содан кейін жүйе ақпаратты салыстырады", - деп атап өтті ол.

Процеске жасанды интеллект технологиялары енгізіліп жатыр. Олар туыстардың тегі немесе басқа да деректері өзгеше болған жағдайда да туыстық байланысты автоматты түрде анықтай алады.

"Бұл цифрландыру осындай құқықбұзушылықтардың немесе алаяқтық әрекеттердің пайда болу себебінің тамырына балта шабады", - деп есептейді Ибрагимова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.