Қызылордада қатты желден бірқатар тұрғын үйлердің шатыры ұшып жатыр

304
Қызылорда облысында қатты желдің салдарынан бірқатар ғимараттардың шатыры ұшып жатыр. Бірақ, зардап шеккен адамдар жоқ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласында бүгін, яғни, 28 қараша күні қатты желдің салдарынан Мерей мөлтек ауданы мен Желтоқсан көшесінің мекен-жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатыры ұшқан. 

Ал, тіреуіш ағаштары төбеде жартылай қалықтап адам өміріне қауіп төндіруде. Қазіргі күні қатты желдің әсерінен бірнеше жерде шатырлар ұшып кетіп, олардың құлап кетуі адамдардың өміріне қауіп төндірген жағдайлар болды.  Атап айтқанда,  Қаламыздағы “Мерей” мөлтек ауданындағы жаңадан берілген №24 тұрғын үйдің шатыры құлағаны белгілі болды. Айта кету керек,  15-30 ш/м желдің ұйытқу қатеріне тұрғын үйлердің шатырлары төтеп бере алмай отыр. 


Мерей мөлтек ауданындағы  үйлердің бірінен шатыр бөлігінің ұшып, қайырылып құлағаны анықталды. 


Бұл жөнінде қала тұрғындары
әлеуметтік желіге жариялаған.