Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан

299

Әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан
 
БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Оралда сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.
Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интим қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.


Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Сондай-ақ, 53 жастағы әйел Оралда жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан.


Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.


Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.